Сабақтың тақырыбы: Ас –адамның арқауы (В1деңгейі)
Сабақтың мақсаты: тыңдаушыларға ұлттық тағамдар және сусындар, оның денсаулыққа пайдасы жөнінде түсіндіре отырып, дұрыс тамақтану туралы мәлімет беру. Қыстырма сөздердің, мақал-мәтелдер мен тыйым сөздердің қолданылуын түсіндіру. Тыңдаушылардың сөздік қорларын толықтыру, тыңдау, жазу, оқу, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ой тастау, мәнерлеп оқу, тыңдап түсіну.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекі құрал-жабдықтар: бейнекөрініс, слайд, үлестірмелі парақшалар, суреттер, сөздіктер, тағамдар.
Сабақтың жоспары: I. Ұйымдастыру кезеңі
- Қызығушылықтарын ояту кезеңі
III. Жаңа сабақ
Оқылым
Жазылым
Тыңдалым
Сергіту сәті
Айтылым
- Сабақты қорытындылау
- Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Тыңдаушыларға ұлттық тағам түрінен (мыс: құрт) үлестіру
Сұрақ-жауап әдісі
ІІ. Қызығушылығын ояту кезеңі
Қарапайым суды қалай пайдаланасыз?
Кофенің адам ағзасына қандай әсері бар?
Ұлттық тағамдарда «ақ» деп нені атайды?
Дүкеннен сүттің құрамына қарап аласыз ба?
Қазақтың қандай ұлттық тағамдарын білесіз?
Балаларды саңырауқұлақпен тамақтандыруға бола ма?
Бейнекөрініс «Ас – адамның арқауы!»
ІІІ. Жаңа сабақ
Жаңа сөздерді оқып, аудармасын табыңыздар
|
қадірлей білу |
|
|
ұлағатты сөздер |
|
|
асты құрметтеу |
|
|
сіңімді тағам |
|
|
адам ағзасы |
|
|
бата |
|
|
ұсыныс жасау |
|
|
емдік қасиеті |
|
|
салыстыру |
|
Тапсырма. Берілген жаңа сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, сөйлем құраңыздар.
Мысалы: Сіңімді тағамды жиі пайдаланудың адам ағзасына тигізер пайдасы мол.
Оқылым
Мәтінді оқып, мазмұнын түсініңіз.
Қазақ халқы асты жоғары бағалап, «Ас – адамның арқауы»-деп, қадірлей білген. «Ас тұрған жерде, ауру тұрмайды», «Астан үлкен емессің», «Ақты төкпе», «Нанды шашпа», «Ақ құйып шығару» деген мақал-мәтелдер мен ырым, тыйым сөздер осының дәлелі. Қазақтың дастарқаны қашанда ет, сүт, ұн, дәнді-дақылдардан жасалған тағамдарға бай. Әрине, олардың әрқайсысы адам ағзасы үшін пайдалы. Шынында, қазақ халқы асты құрметтеудің жолын, оны әзірлеудің көзін, ретін таба білген. Қазақ халқында дастарқан мәдениеті жақсы сақталып, дастарқан басында асқа байланысты мақал-мәтелдер мен ас қайыру батасы айтылып отырған. «Таңертеңгi асты қалдырма, түскі асқа телмірме, кешкi асты бақпа» – деп келетін тұрақты сөз тіркестері қазақы ортадағы дәстүрлі наным-сенімге негізделген ас қабылдаудың күнделікті тәртібін бейнелейді. Рас, жүйелі тамақтанбау және ағзаға сіңімді тағам пайдаланбау адам денсаулығына үлкен әсерін тигізеді. Меніңше, қазақ халқының тамақтану ережесі туралы көптеген ұлағатты сөздері медицинада дәлелденген.
Ас – адамның арқауы, дұрыс тамақтану күніміздің сәтті өтуінің кепілі.
Мәтін бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз
- Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз
А) Ақуыздың пайдасы.
В) Ас – адамның арқауы.
С) Дұрыс тамақтанудың жолдары.
Д) Қазақ дастарқанының мәдениеті мен ерекшелігі.
- Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз
А) Қазақ халқы асты жоғары бағалап, қадірлей білген.
В) Медицинада тамақтану ерекшелігіне үлкен мән береді.
С) Адам ағзасына дәнді дақылдардан дайындалған тағамдар өте пайдалы
Д) Қазақтар сыйлы қонақтарға мал басын көрсетіп, табақ-табақ ет тартқан.
- Мәтінге сәйкес келетін ақпаратты таңдаңыз
А) Жалпы тағамдар ет, сүт, дәнді-дақылдардан жасалмайды.
В) Қазақтар адам қажеттіліктерінің ішінде тағамды жоғары қойған емес.
С) Қазақ халқы асты құрметтеудің жолын, оны әзірлеудің көзін, ретін таба білген.
Д) Ет тағамдары, сүт тағамдары, теңіз өнімдерінің адам ағзасына тигізер пайдасы жоқ.
Грамматика
|
Қыстырма сөз Сөйлемдегі ойға жазушының, сөйлеушінің көзқарасын білдіретін оқшау сөздің түрі қыстырма сөз деп аталады. (әрине, өте дұрыс, шынында, дәл солай, әлбетте, рас) Үлгі: Рас, шұбат адам ағзасына пайдалы сусын. Ерекшеліктері: Айтушының көзқарасын білдіреді. Басқа сөздерден оқшауланып, ерекше интонациямен айтылады.
|
Жазылым
1-тапсырма. Сұрақтарға әрине, өте дұрыс, шынында, дәл солай, әлбетте деген қыстырма сөздерді пайдаланып, жауап беріңіз.
- «Ас – адамның арқауы» деген ой дұрыс айтылған ба?
- Сіз қазақтың ұлттық тағамдарын білесіз бе?
- Ас туралы қандай мақал-мәтел білесіз?
- Қазақ халқының ұлттық сусынын ішіп көрдіңіз бе?
- Ұлттық сусынның денсаулыққа пайдасы зор дегенге келісесіз бе?
2-тапсырма. Мәтінде кездесетін қыстырма сөздерді тауып жазыңыз.
3-тапсырма. Суреттердегі көрсетілген тағамдарға байланысты мақал-мәтелдер мен тыйым сөздерді табыңыз.
Сорпа Қымыз Нан Ет Сүт (ақ)
Тыңдалым
|
Қымыз – ауруға ем, сауға – қуат. Қымыздың денсаулыққа тигізер пайдасы көп. Қымыз құрамында «С» дәрумені мол, сиыр сүтімен салыстырғанда он есе көп. Оның емдік қасиеттері, әсіресе құрт ауруын емдеу қасиеттері жоғары. Дәрігерлер қымызды жөтелге қарсы ішуге ұсыныс жасайды. Қымызбен емделгенде қан құрамындағы гемоглобин, эритроцит көбейеді. Тамырдың соғуы жиілеп, қан айнылымы жылдамдайды. Қан тамырының жұмысы мен жүрек соғысы жақсарады. Шұбат – әрі сусын, әрі тағам. Оның емдік қасиеті мол. Шұбат – өкпе, асқазан, түрлі ішек ауруларына ем. Шұбаттың түсі қардай аппақ.
|
|
Қазақтың ұлттық сусындары
|
Тыңдалым бойынша тест тапсырмаларына жауап беріңіз
- Сөйлемді толықтырыңыз
Қымыз – ауруға ем, сауға – …
А) қуат
В) күш
С) жігер
Д) пайдалы
- Мәтіндегі басты тірек сөзді табыңыз
А) ем, дәрігер, ағза
В) қымыз, шұбат, дәрумен
С) жастар, дәрігер, денсаулық
Д) ұлттық сусындар, емдік қасиет, адам ағзасы
- Мәтіндегі сәйкес келмейтін ақпаратты табыңыз
|
қ |
|
1. Ата-баба дәстүрін, ғұрыпты аттамайды. Ата жолына кім болса да бас июге тиіс. 2. «Айттық» сұрағандарға айттық беру міндет. 3. Құрметті, сыйлы адамдарды сыйламау – арсыздық. 4. Жетім баланың басынан сипайды, жесірге көмек береді, қайыршыға садақа ұсынады. 5. Көшкен отбасы «айрылысар көже» береді.
|
А) Қымыздың денсаулыққа пайдасы зор
|
қ |
|
Наурыз сөзі парсы тілінен «жаңа киім» деп аударылады. Күн мен түн теңелмейді. Наурыз мерекесіне арнаулы тағам әзірленеді. Наурыз мерекесіне тілектер айтылады.
|
В) Қымыздың құрамындағы дәрумендер
С) Шұбаттың қуаты мен қасиеті қымыздан кем емес
Д) Дүние жүзі шетелдік сусынның денсаулыққа пайдасы бар екенін дәлелдеген
- Мәтінге сәйкес ақпаратты табыңыз
|
қ |
|
6. Ата-баба дәстүрін, ғұрыпты аттамайды. Ата жолына кім болса да бас июге тиіс. 7. «Айттық» сұрағандарға айттық беру міндет. 8. Құрметті, сыйлы адамдарды сыйламау – арсыздық. 9. Жетім баланың басынан сипайды, жесірге көмек береді, қайыршыға садақа ұсынады. 10. Көшкен отбасы «айрылысар көже» береді.
|
А) Қымыздың денсаулыққа пайдасы жоқ
|
қ |
|
Наурыз сөзі парсы тілінен «жаңа киім» деп аударылады. Күн мен түн теңелмейді. Наурыз мерекесіне арнаулы тағам әзірленеді. Наурыз мерекесіне тілектер айтылады.
|
В) Қымыздың құрамында дәрумендер аз
С) Шетелдік сусындардың денсаулыққа пайдасы бар
Д) Шұбат – әрі сусын, әрі тағам. Оның емдік қасиеті мол.
Біле жүріңіз! Бейнебаян көрсету
Ойлан, тап!
Суреттерде жасырылған мақал-мәтелдер мен тыйым сөзді табыңыз.
Айтылым
Ас мәзірін пайдалана отырып, екеуіңіз тапсырыс беруші, үшіншіңіз даяшы болыңыз.
«Дастархан» мейрамханасы
Даяшы: – Сәлеметсіздер ме, қош келдіңіздер! Мына үстелге жайғасыңыздар.
Ақбота: – Сәлеметсіз бе, ас мәзіріңізді әкеліңіз.
Даяшы: – Біздің мейрамханада тек қана қазақтың ұлттық тағамдары мен сусындары дайындалады.
Аяулым: – Өте жақсы, ас мәзірін көрейік. Ақбота, біз Тараздан кеткелі бірнеше жыл болды. Қазағымның ұлттық тағамы мен сусынын сағындық. Тапсырыс берейік. Маған қымыз бен бауырсақ әкелсеңіз.
Ақбота: – Шіркін, қазағымның дастарқаны-ай! Мен де бауырсақ пен шұбат алайын.
Даяшы: – Жарайды, он бес минутта дайын болады
Сергіту
«Қазақы дастарқан» әнін қосулы тұрады. Ұлттық тағам дайындау
(жент) қажеттілер: талқан, май, қант, мейіз
Екі тыңдаушы женттің жасалу жолын түсіндіреді.
Білгенге маржан
“Ерулік” қандай салт білесіз бе?
Ерулік (салт). Ауыл ортасына жаңа үй көшіп келсе, қоныстанса сол ауылдың адамдары жаңа үйге “ерулік” деп ас пісіріп табақ тартады. Бұл жаңа адамдарды бөтенсіретпей өз ортасына тартудың, сыйласудың үлкен белгісі. Мұның әлеуметтік, қоғамдық мәні де бар. Мысалы: жаңа көшіп келген үйде отын, су болмайды. Оны әкелуге біраз уақыт керек. Міне, кең ойлап, терең толғайтын қазақ салты мұны да ұмытпаған.
Дастарқан басына тыңдаушыларды шақырады. Женттен ауыз тиеді
ІҮ. Сабақты қорытындылау
Қазақтың дәстүрі бойынша үлкен кісі дастарқан батасын береді
|
Бата Өміріңнен мән кетпесін, Дастарханнан дәм кетпесін, Барың берекеге ұлассын, Шаңырағың сәнді болсын, Тұрмысың мәнді болсын, Тірлігің әнді болсын Әумин!
|
Ү. Үйге тапсырма.
Дастархан батасын жаттау
Асқа байланысты мақал-мәтел мен ырым-
тыйым сөздердің мағынасын түсіну



Қазақтың тілін тұғырлайтын, мәңгілік ғұмырлауға жетелейтін оқулықтар шығарылды




Пікір жазу
Пікір орналастыру үшін кіруіңіз жөн.