Есім сөздердің орнына қолданылатын есімдік деп атаймыз.
Есімдік түрлері:
құрамына қарай: Дара (простое – один корень)
Мысалы: мен, сен, ол. Күрделі (сложное – несколько корней)
Мысалы: бірнеше, кейбіреу, қай-қайсысы. тұлғасына қарай: Негізгі (непроизводное – нет суффикса)
Мысалы: бұл, міне. Туынды(производное – есть суффикс)
Мысалы: біреу, мынау, барлық. мағынасына қарай: Жіктеу (личное)
Мысалы: мен, сен, сіз, ол, олар, біз. Сілтеу (указательное)
Мысалы: бұл, сол, мынау, осы, міне, анау. Сұрау (вопросительное)
Мысалы: кім? не? неше? қай? қалай? қашан? Өздік (возвратное)
Мысалы: өз, өзім, өзі. Белгісіздік (неопределенное)
Мысалы: кейбіреу, әлдеқайда, әлдеқандай, әрқалай. Болымсыздық… Толығырақ
Мына жағдайларда бастауыштан кейін сызықша қойылады:Бастауыш Баяндауыш Мысалдар
Бастауыш Баяндауыш Мысалдар зат есім Атау септіктегі зат есім Қазақстан — жас мемлекет. сын есім зат есім Жақсы — ісімен жақсы. сан есім сан есім Алты жерде алты — отыз алты.. тұйық етістік зат есім Айту — біздің парызымыз. сілтеу есімдігі зат есім Бұл — үлкен табыс.Антонимдер — мән-мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер.
Антонимы — слова одной части речи, различные по звучанию и написанию, имеющие прямо противоположные лексические значения.
Мысалы (Например): ақ – қара : белый – черный жақсы – жаман : хороший – плохой жарық – қараңғы : светлый – темный
Қанымызға сіңісті, жанымызға жұғысты, ой-санамызға нұрлы шуақ сыйлап, сілкіндіріп серпілтетін, марқайтып қанаттандыратын өзіміздің мемлекеттік тіліміз. Тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. «Тіл» өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек, жаңыла қоймаспыз. Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмайды, ол тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ. Тіл – қоғамның жемісі. Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Толығырақ
Қайбрахман Шолпан Қайбрахманқызы
«Тіл – көңілдің тілмашы» демекші, әрбір адамның өзінің ана тіліне қарап, оның мәдени дәрежесі ғана емес, сонымен бірге азаматтық қасиеті жөнінде де мүлтіксіз баға беруге болады. Яғни, тіл дегеніміз – әрбір адамның жаны, тәні, бар болмыс – бітімі. Сол себепті өз ана тіліміздің мәртебесі биік, мерейі үстем болуы үшін бір адамдай жұмылып, өз байлығымызды асқақтатуға күш салуымыз керек. Біздің асыл қазынамыз, сөз жеткісіз жауһар құндылығымыз-ол тіліміз. Толығырақ
Қазақстанда тұратын әрбір ұлттың өзінің тілін, әдебиетін, мәдениетін дамытуға мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар әрбір қазақстандық азаматтың парызы – мемлекеттік тілді меңгеру. Мемлекеттік тіл – көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы. Сондықтан соңғы бірнеше жылдың ішінде осы мәселеге көп көңіл бөлініп, оны шешу үшін көптеген іс-шаралар жасалып жатыр. Толығырақ
Қазақ тілінен грамматикалық кестелер жинағында мемлекеттік тілді оқытушылардың орфографиялық және пунктуациялық сауаттылығын қалыптастыруға қажетті минимум болып табылады. Бұл кестелер орфографияны оқытудың өзіндік ұстанымдарын біліп, ұдайы желіден айнымауға дағдыландырады.
Еліміз егемендік алып, тіліміздің мәртебесі жоғарылады, ана тіліміздің еркін дамуына кең жол ашылды, қазақ тілі – мемлекеттік тіл мәртебесіне қол жеткізді. Тіл мәртебесі – ел мәртебесі. Еліміздің өркендеуі жолына үлестерін қосып, халық үшін қызмет ететін мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді білуі заңдылық. Толығырақ