Соңғы жазбалар
  • Мемлекеттік қызметшілерге сертификат табысталды
  • Сөзге шешен, тілге шеберлердің бәйгесі басталады
  • Түркияда Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы өтуде
  • Қостанай қаласында семинар-тренинг өтті
  • Журналистер марапатқа ие болды
«Фольклор кейіпкерлерінің бейнесін біріздендіру» байқауы
Бейнехабар
Үздік оқытушы

Қазақ тілін оқытуда интерактивтік технологияны қолдану тәжірибесі

Еліміз егемендік алып, тіліміздің мәртебесі жоғарылады, ана тіліміздің еркін дамуына кең жол ашылды, қазақ тілі – мемлекеттік тіл мәртебесіне қол жеткізді. Тіл мәртебесі – ел мәртебесі. Еліміздің өркендеуі жолына үлестерін қосып, халық үшін қызмет ететін мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді білуі заңдылық. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Маманның ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» деген болатын. Ал қазақстандық азаматтар үшін мемлекеттік тілді білуі біліктілік қағидаларының бірі ретінде аса маңызды шарттарының бірі болуы заңды талап. Жан-жақты білімділігімен қатар, мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, ойлай алатын, оны терең меңгерген азаматтар ғана өз елінің еңсесін тіктеп, мәртебесін көтермек.
Қазіргі қоғам талабы, мемлекеттік тілге қажеттіліктің артуы, оның қоғамдық аясының кеңеюі оқыту мен үйрету әдістемелерін жақсартуды, оқытудың жаңа технологияларын қолдануды қажет етеді.
Әдіс ұғымының мағынасы кең. Біздің саламызда білім берудің, тәрбиелеудің және үйренушілердің білімін көтерудің мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған, үйретуші мен үйренушінің өзара бірлескен іс-қимыл жиынтығы – оқыту әдісі болып табылады. Оқыту әдісі – дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Әдіс – тілді оқытудың мазмұнын, мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыратын және оларға қол жеткізудің амалдарын айқындайтын бағыттар. Осы бағыттар жөнінде оқыту әдістемесінде, тіл үйретуде ақпаратты кең түрде тиімді ұсынатын, алынған ақпаратты жоғары деңгейде игеретін, практикада көрсете алатын Ш.Шаяхметов атындағы Республикалық Тіл орталығының оқытушылар мен тіл үйренушілерге ғылыми-әдістемелік көмек көрсетіп, тиімді әдістемелік тәжірибелерді кеңінен таратып, біліктілікті арттыруда көмегі көп. Озық тәжірибелер мен әдістемелерді ортаға салып, кәсіби бағытта жұмыс істеуге бағыт-бағдар беріп отыр.
Тілдік білім беру бүгінгі күні әлемдік құндылыққа айналды. Әсіресе, қоғам талабына сай ересектерге, мемлекеттік қызметшілерге жеделдете сабақтар жүргізу қажет. Ал қазақ тілін оқыту әдістемесінде мемлекеттік қызметшілерді оқытуда сабақ түрі, құрылымы жүйеленбеген. Бұл туындаған мәселені шешу жолдарын профессор Н.Ж.Құрманның «Қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздері» еңбегінен табуға болады. Мемлекеттік қызметшілерге арналған қазақ тілі сабақтары-ересектерге мемлекеттік тілді үйретуді ұйымдастырудың негізгі формасы. Ғалым өз еңбегінде ересектер әдістемесінің басты ерекшеліктерін көрсетеді:

-білім алушы білім беру үдерісінде негізгі орында болады;
-ересек білім алушы адам білім алуы барысында өзінің мүмкіншіліктерін ашып, өз бетімен білім алу әдістерін үйреніп, өзін-өзі басқарудың жүйесін қалыптастырады;
-ересек адам өмірлік бай тәжірибесі бар, өзінің тұрмыстық, әлеуметтік, кәсіби бай тәжірибесін білім алу барысында тиімді қолдана білуі керек;
-ересек адам өзінің маңызды өмірлік проблемаларын шешуге қажетті жағдайда және өзінің алдына қойған мақсаттарына жету үшін білім алуға кіріседі;
-ересек адам өзінің білім алуы барысында білік, дағды, білімі мен жаңа қасиеттерді ұзақ уақыттан соң емес, сол уақытта қолдануына байланысты білім жүйесі соған лайықты болуы шарт;
-ересектерге білім беру барысында уақыт, кеңістік, тұрмыстық, кәсіби, әлеуметтік факторларды ескеруді қажет етеді;
-ересектердің білім алу барысы оқытушы мен білім алушы ересек адамның біріккен оқу үдерісі ретінде сақталуы керек.
-Бүкіл адамзат қазіргі ғылыми-техникалық прогресс пен өркениеттің даму дәуірінде тұрғанда заманына лайықты өмірден өз орнын табатын жеке тұлғаны қалыптастыру – негізгі міндеттің бірі. Ал «тілдік тұлғаны» қалыптастыру мәселесі тіл білімінде енді ғана зерттеліп, еңбектер жазылуда. Б.Хасанұлының «Мемлекеттік қызметшінің тілдік тұлғасы және тілдік орта» деген кітабында мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік тілді білік деңгейін «тілдік тұлға» дәрежесінде қалыптастыру үшін маңызды фактор-тілдік орта болуы қажеттігін айтады. Бұл тұрғыда ересектермен жұмыс жасауда орталық оқытушылары Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығында шығарылған «Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді үйрету Тұжырымдамасы», «Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді үйрету Стандарты», «Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді үйрету Типтік бағдарламасы, «Мемлекеттік тілді жеделдете деңгейлік үйретуге арналған «Жаңа толқын», қазақ тілінің ресми стилін оқытуға арналған интенсивтік деңгейлік кешен «Мәртебелі сөз» сияқты еңбектерге сүйене отырып, мемлекеттік қызметшілерге тілі үйретуде үздік технологияларды сабақтарында қолданады.
ХХ ғасырдың 70-жылдарында педагогикада педагогикалық технология деген ұғым қалыптасты. Технология туралы орыс ғалымдары И.Талызина: «Педагогикалық технологияның басты мақсаты іс жүзінде дидактикалық мақсатқа жету мен қолданылатын ең тиімді әдістерді анықтау болып табылады» десе, В.П. Беспалько: «Педагогикалық технология тәжірибесінде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ол педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер оның құрамды бөлігі ғана» деген. «Технология» сөзі латынның «tehne»-өнер, қолөнер және «логос» ғылым деген сөзінен шыққан.
-Қазіргі таңда білім беру жүйесін технологияландыру – қоғамның жаңа талаптарының бірі. Еліміз егемендік алғаннан кейін өзге де салалар сияқты оқу білім саласына да көптеген жаңалықтар енгізілді. Мемлекеттік тілімізді әлемдік бәсекеге қабілетті халықаралық тілдер қатарына қосу, қазақ тілін ғылым тілі, жаңа технологиялар тілі дәрежесіне жеткізу баршамыздың ортақ мүддеміз. Бәсекелестікке қабілетті Қазақстанның білім беру жүйесі өзге өркениетті елдердің білім саласындағы деңгейіне тең келуі жолында Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 8-бабында «Оқытудың жаңа технологияларын енгізу білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» дегенін негізге ала отырып, орталық оқытушылары мемлекеттік тілдің аясын кеңейту мақсатында жаңа инновациялық технологиялардың жетістіктерін пайдалана отырып мемлекеттік тілді оқытуда. Осындай жаңалықтардың бірі – оқу үдерісінде инновациялық технологияны тиімді пайдалану. Қазіргі таңда оқытудың интерактивті әдісін кеңінен қолданады.
-Оқыту үдерісінде дидактикалық мақсатты шешуде орталық мамандары оқыту әдістемесінің белсенді түрлерімен жұмыс істейді. Тіл үйренушілер мен оқытушы мәселені бірігіп шешуде өздігінен белсенді, танымдық шығармашылық әрекетін қамтамасыз ететін интерактивтік тәсілге көптеп назар аударып отыр. Оқитын пәні қаншалықты жаңаша, бағалы болса да, оқытушының шеберлігі қандай жоғары болса да, алдына келген үйренушінің белсенділілігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Интерактивті әдіс-өзара қатынаста болу, бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Ғылым тілімен айтатын болсақ, интерактивтік оқыту жүйесі-сабақта барлық білім алушының белсенді қатысуымен ұйымдастырылатын оқу үдерісі. Бұл ретте оқытушы мен тіл үйренушінің «субъект-субъектілік» қатынасқа негізделген ынтымақтастығы бір сәтке болса да өзгермей сақталуы талап етіледі. Қазақ тілін оқытуда интерактивтік оқыту технологиясын қолдану арқылы өмірде болып жататын түрлі жағдаяттарды дидактикалық талаптар тұрғысынан екшеп алған соң, тілдік жағдаят жаттығуларына айналдыра білу керек. Интерактивтік оқыту барысында барлығы тең дәрежелік қарым-қатынаста болып, мүмкіндігінше ашық, достық қатысымды орнатады. Бұл- білім берудегі демократиялық, гуманистік көзқарастың нақты жүзеге асқан болмысы. Бұл оқу үдерісінде тіл үйренушілердің бірігіп белгілі бір мәселені шешуге, белгілі бір әрекетке өз жауапкершілігін сезініп, белсенді болуға және осы кезде өз қиялын, ой-өрісін, шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл әдіс тіл үйренушілерді жұп болып, бірігіп жұмыс жасауға, жұмыс жасай отырып, өзгелерге көмек көрсетуге үйретеді. Бұл ұғым тәсіл ретінде төмендегідей талаптарға сай келеді:
-ақпаратты терең игереді, ой елегінен өткізеді;
-тіл үйренуші өзін-өзі еркін және ыңғайлы сезінетін өрісті қалыптастырады, тілді оқып-үйрену ниетін арттырады;
-тіл үйренушілердің танымдық, шығармашылық қабілетін оятады;
-топ тіл үйренушілермен жасалатын жұмысты түрлі формада(жұптық, топтық, ұжымдық) өткізуді қамтамасыз етеді;
-тыңдау дағдысын қалыптастырып, өзгені тыңдай алады.
Интерактивті тәсілді қолдану кезінде тілге қойылатын талаптың, жасалатын жұмыстың оқыту үдерісіне сай болуы керек. Жұмыс түрлері, тапсырмалар, онда қолданылатын оқу құралдары, жаттығулар тіл үйренушілердің тілді білу деңгейіне, мамандықтарына, қызметіне, жас ерекшеліктеріне сай болуы шарт. Сонымен қатар тіл үйренушілер жіберген қателерін оқытушының көмегімен өзі тауып дағдылануы тиіс. Осы тұрғыдан тіл үйренушілерді топқа немесе жұпқа біріктіріп, оларға ортақ тапсырма беріп, ол тапсырманы орындау барысында әрбір тіл үйренушіден жеке рөлдер мен міндеттер атқаруды талап етсе, онда әр тіл үйренушілердің өз жұмысына жауапты болып, жалпы жұмыс нәтижесінде қол жеткізуге ұмтылатын жағдаят пайда болады. Интерактивті тәсіл, әсіресе тапсырманы, сабақты пысықтап, қорытындылау кезеңінде өте тиімді. Осы әдісте тіл үйренушілерде терең ойлану, рефлексиялық қабілеттері дамиды, өз идеялары мен әрекеттерін талдай алады, ақпаратты өздігінен түсініп, жан-жақты талдау жасай алады, пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдей алады, қиын мәселелерді шешуде шешім қабылдай алады. Интерактивті оқытуда тіл үйренушілер бірлескен жұмыс, танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік тұрғыдан белсенділік көрсету әрекеттеріне дайын болуы керек. Интерактивті технологияның мынадай түрлерін қолдануға болады:

-рөлдік және іскерлік ойындар;
-пікірталастар;
-ақпарат көздерімен жұмыс;
-кейс-стади;
-презентациялар;
-компьютерлік оқыту бағдарламалары;
-тренингтер;
-интервью;
-сауалнама
Интерактивті оқыту бірлесе үйрену қағидаларын ұстанғандықтан, бірлескен топтық жұмыс әдістерінің маңызы айрықша: тіл үйренушінің дүниетанымы қалыптасып, басқалардың іс-әрекеттері мен олардың себептерін түсінуге ықпал жасайды. Топтық жұмыстар тіл үйренушілердің тіл үйренуге белсене қатысуын қамтамасыз етеді. Тіл үйренушілердің коммуникативтік дағдыларын тәжірибеде, іс жүзінде қолдануға мүмкіндік жасайды. Жалпы, интерактивтік технологияның жоғарыда айтқандай, формалары өте көп. Мұның үстіне компьютерлік-ақпараттық технологиямен жасалатын интерактивтік жұмыс жүйесі қосылса, бұл технологияның сапалы білім беруде, танымдық қызығушылықты дамытуда орны ерекше болады.
-Елбасының халыққа Жолдауында «Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік, инновациялық әдістемелік, тәжірибелік оқу-құралдарын, аудио-бейнематериалдарды әзірлеу керек» деп атап көрсеткеніндей, бүгінгі күн талабынан туындап отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне мемлекеттік тілді жеделдете оқыту-тілдік тұғырнаманы қалыптастыру болып отыр. Бұл – мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметшілерге оқытатын оқыту орталықтарына қойылып отырған міндеттеме, жауапкершілік. Аталған мақсатты орындауда орталық мамандары интерактивті оқыту әдісінің диалог құру тәсілі бойынша тапсырманы «Жеңіс» атты электрондық оқулығына енгізген болатын. Аталған оқулық күнделікті тіршілікте қарым-қатынас көбірек жасалатын әлеуметтік сала қызметкерлеріне арналған. Оқулық көбіне тіл үйренушілердің сөздік қорын қалыптастыруға негізделген. Мемлекеттік қызметшілерді оқытуда мысалы, әлеуметтік сала қызметкерлері қызметіне байланысты сөз, сөз тіркестерімен жұмыс істей алады. Сол саладағы мамандардың клиенттермен қарым-қатынас жасауы үшін арнайы диалог құрастырылды. Мамандардың дайын клишелерді жаттап алуына да болады, сол күнделікті жұмысында дайын сөз орамдары арқылы кез келген адаммен қарым-қатынасқа түсе алады. Бірлесе шешуге арналған қазақ тарихынан түсінік беруде сканворд арнайы құрастырылды. Оқулықпен жұмыс істеу тәжірибемізде тіл үйренушілердің мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығының артқанын, оқыту үрдісін нәтижелі ұйымдастыруға болатынын байқадық. Мемлекеттік қызметшілер мен ересек тіл үйренушілерге қазақ тілін оқыту әдістерінің жүйеленуі-бүгінгі күн талабы, сабақтағы үдеріс екі жақты болуы, тіл үйренушінің ынта-ниетін оятатын сабақтың мақсаттары мен міндеттері дұрыс қойылуы шарт. Мемлекеттік қызметшілерге арналған жаңа технологиялар-оқытудың, тіл үйретудің ортақ жүйесі, қандай да бір әрекеттерді жасау деп қана қарамай, оның адамды дамытушы, тәрбиелеуші күші бар оқыту бірлігі деп қарағанымыз жөн болар.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Н.Ж.Құрман. «Қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздері».-Астана, 2008
2. Хасанұлы Б. «Мемлекеттік қызметшінің тілдік тұлғасы және тілдік орта».-Астана, 2007
3. «Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді үйрету Тұжырымдамасы»,
Н.Құрман, Қ.Қадашева, Б.Белғара-Астана, 2008
4. «Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді үйрету Стандарты»,
Н.Құрман, Қ.Қадашева, Б.Белғара-Астана, 2008
5.«Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді үйрету Типтік бағдарламасы». Н.Құрман, Қ.Қадашева, Б.Белғара-Астана, 2008
6.«Жаңа толқын». «Мемлекеттік тілді жеделдете деңгейлік үйретуге арналған оқу-әдістемелік кешені». Н.Құрманова, Б.Белғара, Л.Айтпанова, Н.Шадиева, Д.Құсайынова.-Астана, 2007.
7. «Мәртебелі сөз». Қазақ тілінің ресми стилін оқытуға арналған интенсивтік деңгейлік кешені. – Н.Құрман, Б.Белғара, А.Шантасов.-Астана, 2008
8. Б. Қасым «Қазақ тілін оқытуда интербелсенді тәсілді қолданудың ерекшеліктері мен тиімділігі»

З.А.Мамбетова, «Ана тілі» орталығының директоры
«Ертіс дидары» газеті

(Жалпы 367 рет, ал бүгін 1 рет қаралды)

Пікір жазу

Әлеуметтік желідегі профиль арқылы: 
Жаңа өнімдер
Терминдер мен ұғымдар
Терминология-лық анықтамалық
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
Мекемтас Мырзахметұлы
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Терминдер мен ұғымдар
'; IR[1] = '
ҚАЗАҚСТАН – 2050
Терминология-лық анықтамалық
'; IR[2] = '
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
'; IR[3] = '
АБАЙТАНУ
Мекемтас Мырзахметұлы
'; objIR = document.getElementById('IRHolder'); objIR.style.height = (IR_numberOfElm * IR_heightOfElm) + 'px'; IRContent(); }
Күнтізбе
Тамыз (2026)
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
« Шлд    
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31  
Профиль
Соңғы пікірлер