Бұрынғы қазақ қоғамында уақытты жұлдыздар бойынша есептеудің жүйесі болған. Әлі күнге дейін бұл уақыт есебі тоғыс есебі деп аталады. Әлемнің басқа елдерінде кездеспейтін бұл жүйеде уақыт Ай мен Үркер жұлдыз шоғырының әрбір 28 күнде бір «тоғысып» отыруы бойынша анықталады.
Көне дәуірлерден келе жатқан тоғыс жүйесінде есепшілердің Үркер жұлдыз шоғырын таңдап алуының себебі болуға тиіс. Толығырақ
Қайран тіл, қайран сөз – наданға қадірсіз…
Абай
Тілден биік асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден терең теңіз жоқ.
Тыңдарманның талғамы жоғалды ма әлде әншінің әні өзгерді ме? Бәлкім, екеуінің де әсері бар шығар?! Бұл күнде сапалы ән емес, сапасы болмаса да, жын ұрып билеуге, жұлқынып сөйлеуге, қылқынып айқайлап, ақыр соңы күйреуге әкелетін әндерді «Неткен керемет!»-деп тыңдап жүргеніміз рас. Кейде тіпті жаттап алып, жан-жағымызға жар салып, айқайдың көкесін танытып, әуелетіп кетеміз. Ал сол әніміздің сөзі мен өзіне келер болсақ, титімдей мән-мағынасын тауып, таразылап, тарқата алмаймыз. Әйтеуір ыңылдатып айтқанымызға мәз боламыз. Осыдан қандай салғырт, бейқам халық екенімізді айтпай-ақ ұғуға болады. Кез келген сапасыз әндердің сән-салтанатын тоқтатып, құрылымдық мән-мағынасын айқындап, сұрықсыз сөздерді айшықтасақ, сапасы сын көтере алмайтын әндердің шықпақ түгілі, «хит» болуына жол бермес едік. Толығырақ
Сабақ тақырыбы:
Сөз таптарын оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері
The useful teaching methods of parts of speech Толығырақ
Сөйлемдердің ақпараттық мазмұны
Түйіндеме: Мақалада сөйлемдер ақпараттық мазмұнына қарай объективті әлемді бейнелейтін сөйлемдер, субъективті әлемді бейнелейтін сөйлемдер түрінде екіге бөлінеді.
Сөйлемнің ақпараттық мазмұны арқылы коммуниканттардың моделі айқындалады.
Субъективті әлемді бейнелейтін сөйлемдерде коммуниканттар моделі: тыңдаушы мен сөйлеуші ретінде қарастырылады. Объективті әлемді бейнелейтін сөйлемдерде коммуниканттар баяншы және қабылдаушы ретінде танылады.
Субъективті әлемді бейнелейтін сөйлемдер пікіралысудың құралына, объективті әлемді бейнелейтін сөйлемдер ойды білдіру құралына жатқызылады. Нәтижесінде сөйлемдер коммуникативтік бірліктер ретінде тұжырымдалады. Толығырақ
Қызметтік хат – қандай да бір жұмыстың орындалуы туралы бір лауазымды тұлғаның екінші бір лауазымды тұлғаға жолдауы. Қызметтік хат бір бөлімшеде дайындалып, қызметтік мәселелерді шешуге екінші бөлімшеге жолданатын құжат болып табылады. Қызметтік хаттар ақпараттық, бастамалық немесе есеп беру сипатында болуы мүмкін.
Мәтінде құрылымдық бөлімшеге немесе лауазымды тұлғаға қатысты іскери мәселелер баяндалады. Толығырақ
Хат – пошта арқылы салынатын, мазмұны әртүрлі құжаттардың жалпы аты. Ол мекемелермен, жеке тұлғалармен хабар алысу құралы қызметін атқарады, әртүрлі мәліметтер жіберуге, оқиғалар туралы құлақтандыруға мүмкіндік береді. Хат мәселені басқа құралдар арқылы (жеке әңгіме, телефон арқылы сөйлесу) шешу мүмкін болмағанда қолданылады. Хаттың көптеген түрі бар: жауапты талап ететін өтініш, ұсыныс, шағым, сұрау салу хаттары т.б. Хабарлама, ақпарат, бас тарту, ескерту т.б. мазмұндағы жауапты талап етпейтін хаттар да кездеседі.
Телефонхат – жедел мәселелер бойынша телефон арқылы берілген және алушы жазып алатын құжат. Ол отырыстар, мәжілістер, іскери кездесулер, жоспарланған іс-әрекеттердегі қандай… Толығырақ
Релиз-хабарлама – белгілі бір топқа (ұжымға) шақыру ретінде жолданатын ресми хабарлау. Толығырақ
Хабарландыру – қандай да бір оқиға, шара т.б. туралы ресми хабарлау. Толығырақ