Соңғы жазбалар
  • Түркияда Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы өтуде
  • Қостанай қаласында семинар-тренинг өтті
  • Журналистер марапатқа ие болды
  • «Тіл мерейі» байқауы семинар түрінде өтеді
  • Үш тұғырлы тіл туралы
«Фольклор кейіпкерлерінің бейнесін біріздендіру» байқауы
Бейнехабар
Үздік оқытушы

Ғасырлар тоғысында тіл мәселесі

 

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті «Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен Славян жазбалары мен мәдениеті күніне арналған дөңгелек үстел отырысы болып өтті.   Отырыс Астанадағы Ресей ғылым және мәдениет орталығында ұйымдастырылды.

Қалыптасқан дәстүр бойынша Қазақстан жұртшылығы славян жазбалары мен мәдениеті күндерін жыл сайын атап өтеді. Бұл күннің атап өтілуінің өз шығу тарихы бар, ол сонау IX ғасырда Кирилл  мен Мефодидің құрастырған славян әліппесінен бастау алады, бүгінгі «Кириллица» әліппесі осы ағайындылардың бірінің атымен аталады.

Дөңгелек үстел барысы

Қазақстанның мәдениетінде славян жазбалары мен славян халықтары шығармашылығының өзіндік орны бар.  Осы   мерекенің идеясы славян және басқа этностар шығармашылығы әлеуетінің көрінісі ретінде Қазақстанда кең қолдау тапқан. Себебі ұлттық тілдер, славян әліппесі негізінде жасалды және ол адамдар арасында өзара   түсіністікке жол ашумен қатар, жазба әдебиеттің дамуына да зор ықпал етті.

Тілдерді дамыту мен қолданудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында этностардың тілдерін сақтау және олардың  мәдениетін өзара байыту үшін  қажетті шаралармен қамтамасыз ету көзделген. Этностардың мәдени шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыру мақсатында мәдени-көпшілік іс-шаралар үнемі мемлекет тарамынан қолға алынып отырады.

Кеше, яғни үстіміздегі жылдың 20 мамыры күнгі болған аталмыш дөңгелек үстел отырысында қазақстандық және шетелдік жетекші ғалымдар славян жазбалары жайындағы зерттеулерімен әлеуметтану, лингвомәдениет, аударма саласындағы баяндамаларын ортаға салып өз пікірлерімен бөлісті.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі М.А.Әзілханов, Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі М.Н.Бочарников, Беларусьяның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі А.Ничкасов, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасының орынбасары О.Г.Дымов, «Українські новини» газетінің бас редакторы Т.А.Чернеги және т.б. қатысты.

 

(Жалпы 114 рет, ал бүгін 1 рет қаралды)

Пікір жазу

Әлеуметтік желідегі профиль арқылы: 
Жаңа өнімдер
Мекемтас Мырзахметұлы
Терминдер мен ұғымдар
Терминология-лық анықтамалық
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
АБАЙТАНУ
Мекемтас Мырзахметұлы
'; IR[1] = '
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Терминдер мен ұғымдар
'; IR[2] = '
ҚАЗАҚСТАН – 2050
Терминология-лық анықтамалық
'; IR[3] = '
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
'; objIR = document.getElementById('IRHolder'); objIR.style.height = (IR_numberOfElm * IR_heightOfElm) + 'px'; IRContent(); }
Күнтізбе
Тамыз (2026)
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
« Шлд    
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31  
Профиль
Соңғы пікірлер