Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті«Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен 2015 жылғы бүгін Орал қаласында «Ономастика және көрнекі ақпарат мәселелері», «Ономастика саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді реттеу» атты республикалық дөңгелек үстел өз жұмысын бастады.
Ұйымдастырылып отырған дөңгелек үстелде, жергілікті атқарушы органдар тарапынан ономастика саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді реттеуге қатысты ұсыныстарды зерделеу және пысықтау, көрнекі ақпараттар мен жарнама мәтіндерін біріздендіру мен үйлестіру жұмыстары талқыға түспек. Сонымен бірге республикалық маңызы бар республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті сақталу мәселелерін қадағалау, Ономастика саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді реттеу мәселелері бойынша жұмысты одан әрi дамыту жолдары қарастырылады.
Бұл жұмыстар үнемі мемлекеттік деңгейде қолдауды талап ететiн, ғылыми мәдени, ұлттық және әлеуметтiк маңызы бар аса маңызды ұжымдық процесс ретiнде бағалануы тиiс.
Дөңгелек үстелге ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының мүшелері, белгілі ғалымдар,Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің басшылары, облыстық, Астана мен Алматы қалалары тіл басқармаларының басшылары, облыстық ономастика комиссияларының мүшелері ономастика бөлімінің мамандары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері келіп қатысып, ономастика саласындағы түйткілді мәселелердің шешілу жолдарын талқыламақ.










Пікір жазу
Пікір орналастыру үшін кіруіңіз жөн.