Қашанда «елім» деп, «жерім» деп, найзасын қолына алып, ұлы даласын жойқын соғыс пен көзсіз қырғыннан қорғаған батыр бабаларымыз мәңгілік оралмас мекенге кеткенімен, артына сөнбес із қалдырды. Қаным – бір, жаным – садаға дейтіндер де бұл күнде аз емес. Әсіресе, Қорғаныстың құлындары қатарласа шауып, арғымақтай ілестірмей, арыстандай айбаттана, жолбарыстай қайраттана қимыл жасап, қандай да болмасын қауымның көлеңкесінде қалмайтыны анық. Оған дәлел – жуырда өткен «Тіл шебері» республикалық байқауы. Байқауда бақ сынап, ақылды ойға қосып, санамен санды тосып, сезіммен сендіре жеткізіп, көңілмен көндіргісі келгендер де аз болмады. Дегенмен 3 соқпақтан сүрінбей өтіп, қазақтың иісі аңқыған ұлттық дәстүрімізді ұлылаған, шешендікке шеберлік танытып, үш тілде еркін сөйлеп, зеректігін зерделеп көрсеткен Қорғаныстың құтты азаматы Сисатов Азамат намысты қолдан бермеді. Оқ бойы оза шауып, бас бәйгені қанжылады.
І орын – Алматы облысы Қапшағай қаласы білім бөлімінің бас маманы Қалиева Ажар Сембайқызы,
ІІ орын – Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкері Кругликов Александр Юрьевич,
ІІІ орын – Мәдениет және спорт министрлігі Халықаралық ынтымақтастық басқармасының сарапшысы Алдекенова Айнұр Орынғалиқызына бұйырды.
Ынталандыру сыйлығымен белсене қатысқаны үшін Сыртқы істер министрлігі Әкімшілік және бақылау департаментінің атташесі Мұхадиева Жәния Әкімбекқызы марапатталды. Өзге қатысушылар да құр қол қалмай, алғыс хат алып, ақшалай 50000 теңгеге қол жеткізді.
ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы департаменті Өнеркәсіптік меншік басқармасының бас сарапшысы Жиенбеков Жасұлан Мұқтарұлы
- Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің бас сарапшысы Қожамжаров Абай Советжанұлы
- Қаржы министрлігі Салық салу әдістемесі департаментінің Резидент еместерге салық салу басқармасы басшысының орынбасары Бәгібаев Абылайхан Мәлікұлы
- Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бас маманы Хожанепесова Фариза Мұсабекқызы
- Жоғарғы сот Астана қалалық сотының бас маманы Бақтыгереева Саягүл Оралбекқызы
- ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ҰҚК қызметкері Сейдахметова Жадыра Ілиясқызы
- Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімі аппаратының Жалпы бөлімінің бас маманы Тойлыбаев Әлімжан Қылышбайұлы
- Энергетика министрлігі Көмір өнеркәсібін дамыту департаменті Уран өнеркәсібі басқармасының бас сарапшысы Еденбаев Алтай Нұрбайұлы
- Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы департаменті сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау басқармасының бас консультанты Нұркей Айсұлу Амангелдіқызы
- Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Кадр және әкімшілік жұмыстар бөлімінің бас сарапшысы Әбдікәрімов Еркебұлан Жұмағалиұлы
- Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бас маманы Жолдыбаев Марат Сәбитұлы
- Павлодар облысының әкімдігі Қызылқоғам ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ещанова Гүлдана Айдарханқызы
- Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті кадр жұмысы бөлімінің бас маманы Үсенбаев Ержан Қайратұлы
- Оңтүстік Қазақстан облысы Қалалық мәслихат аппаратының бас маманы Жүнісбеков Мақсат Мырзахметұлы
- Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің (баспасөз қызметі) сарапшысы Мырзекова Айман Нұрланқызы
Жамбыл облысы әкімдігінің тіл басқармасы қаржы шаруашылық және құқық бөлімінің бас маманы Оспанов Бұлан Серікұлы алғыс хат алды.








Пікір жазу
Пікір орналастыру үшін кіруіңіз жөн.