Соңғы жазбалар
  • Түркияда Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы өтуде
  • Қостанай қаласында семинар-тренинг өтті
  • Журналистер марапатқа ие болды
  • «Тіл мерейі» байқауы семинар түрінде өтеді
  • Үш тұғырлы тіл туралы
«Фольклор кейіпкерлерінің бейнесін біріздендіру» байқауы
Бейнехабар
Үздік оқытушы

Шығыс Қазақстанда брифинг өтті

Мемлекеттік тіл – ел ішіндегі татулық пен бейбітшіліктің айнымас кепілі. Дәл осы үндеу аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті тапсырысымен Мемлекеттік тілдерді дамыту институты 2015 жылдың 22 қазанында ШҚО, Өскемен қаласында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты  мемлекеттік тілді насихаттау шараларын өткізді.

Аталған жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 17-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысында (Глубокое, Шемонаиха, Зырян, Бородулиха аудандары, Курчатов, Риддер, Семей, Өскемен қалаларында) орыстілді азаматтарға арналған насихаттау шаралары өткізілуі тиіс болатын.

Шараның мақсаты: орыстілді азаматтар арасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі, қазақ тілінің Қазақстандағы этностардың бірлігі мен ынтымағының кепілі ретіндегі, қазақ тілінің қоғамдық көпшілік орындардағы, қазақ тілінің жас ұрпақ тәрбиесіндегі, патриоттық, қазақ тілінің ғылым-білім, жаңа технология саласындағы қызметтері т.б.  жайында сөз қозғау, пікір алмасу.

Шара дөңгелек үстел, кездесу, өзара пікіралмасу жиыны түрінде облыс орталығымен қатар аудан орталықтарында да ұйымдастырылып, барлығы 12 кездесу шарасы өткізілді. Жобаны ұйымдастыру аясында Айдос Сарым, Дос Көшім саясаткер азаматтармен қатар ШҚО Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма төрағасы Шаймарданов Айдын жиын барысында өз ойларын ортаға салды. Айдос Сарым: «Қазақ тілі тек өз елімізде ғана өсіп өркендей алады. Ана тіліміз – жанымыздың бір бөлшегі. Бәріміз де тіліміздің дамығанын қалаймыз», – деді.

Дөңгелек үстел барысында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты жаңа жоба талқыланды. Жоба бойынша қазақ тілін меңгермеген азаматтар екі әлеуметтік топқа жіктелмек: біріншісі – этномәдени бірлестіктер мүшелері болса, екіншісі – жоғары оқу орындарындағы орыс тілді студенттер. Одан әрі қазақ тілін оқыту процестері басталмақ.

Шараға орыстілді аймақтардағы этно-мәдени орталықтардың өкілдері, оқу орындарындағы орыстілді студенттер, жалпы жұмысшы-жастар  қатысты.

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

(Жалпы 101 рет, ал бүгін 1 рет қаралды)

Пікір жазу

Әлеуметтік желідегі профиль арқылы: 
Жаңа өнімдер
Мекемтас Мырзахметұлы
Терминология-лық анықтамалық
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
Терминдер мен ұғымдар
АБАЙТАНУ
Мекемтас Мырзахметұлы
'; IR[1] = '
ҚАЗАҚСТАН – 2050
Терминология-лық анықтамалық
'; IR[2] = '
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
'; IR[3] = '
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Терминдер мен ұғымдар
'; objIR = document.getElementById('IRHolder'); objIR.style.height = (IR_numberOfElm * IR_heightOfElm) + 'px'; IRContent(); }
Күнтізбе
Тамыз (2026)
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
« Шлд    
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31  
Профиль
Соңғы пікірлер