Соңғы жазбалар
  • Түркияда Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы өтуде
  • Қостанай қаласында семинар-тренинг өтті
  • Журналистер марапатқа ие болды
  • «Тіл мерейі» байқауы семинар түрінде өтеді
  • Үш тұғырлы тіл туралы
«Фольклор кейіпкерлерінің бейнесін біріздендіру» байқауы
Бейнехабар
Үздік оқытушы

Ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысыңыздар!

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде 2026 жылдың 21-22 қаңтарында белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор  Ж.Сәдуақасұлының 70 жасқа толуына орай «Ұлт руханиятының қайнар көздері: тіл мен әдебиет, білім мен тәрбие» тақырыбында республикалық  ғылыми-тәжірибелік  конференция өткізіледі.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  • Қазақ әдеби тілінің тарихы және түркітану мәселелері
  • Сөз мәдениетi және лингвостилистика
  • Қазіргі тіл біліміндегі жаңа бағыттар
  • Тіл саясаты және ономастика мәселелері
  • Грамматика мәселелері
  • Қазақ әдебиеті тарихын зерттеудің мәселелері
  • Фольклористика және мәтінтану.
  • Ұлттық әдебиет және әдеби байланыстар.
  • Көркем әдебиеттің тілі мен стилі
  • Көркем әдебиеттегі психологизм
  • Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі
  • Мемлекеттік тілді үйретудегі өзекті мәселелер: теориялық әдіснама

          және ауызекі сөйлеуді дамытудың заманауи тәсілдері

  • Білім берудегі қазіргі технологиялар
  • Қазіргі мектептегі жаңашыл әдістемелік жұмыстар

Конференция аясында 3 секция жұмыс істейді:

  1. Тіл білімінің өзекті мәселелері
  2. Әдебиеттанудың өзекті мәселелері
  3. Педагогика және әдістеме мәселелері

Конференция қазақ, орыс  тілдерінде өтеді.

Конференцияға қатысу үшін өтінішті және баяндама материалын 2015 жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірмей электронды пошта арқылы жіберу қажет: , (файл автордың фамилиясымен аталуы тиіс). Біздің мекен-жайымыз: 12000014, Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, 40, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің №1 ғимараты (204-бөлме). Байланыс телефондары: 8 (7242) 27-85-72 – қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы. 87016572116 (Әбенова Гүлмира).

Конференция материалдарына қойылатын негізгі талаптар:

Материал толық 5-8 бет көлемінде (беті нөмірленбейді), ашық қалдырылатын жол жиегі барлық жағынан 20 мм (Word мәтіндік редакторда, KZ Times New Roman немесе Times New Roman кеглімен, №12 шрифтімен, 1 интервалмен) терілген болуы керек. Баяндаманың тақырыбы жол ортасына бас әріптермен, 1 интервалдан кейін автор(лар)дың аты-жөн(дер)і, ғылыми дәрежесі, атағы, 1 интервалдан кейін республика, қала, мекеме атауы мен электронды пошта адресі, 2 интервалдан кейін абзац арқылы мәтін жалғасады. Мәтіндегі сілтемелер тік жақшада [1, 33-б.], әдебиеттер тізімі пайдалану ретімен рәсімделеді.

Материалдар жинағы конференция жұмысы басталғанға дейін басылып шығады.

Ұйымдастыру алқасы материалдарды сұрыптау мәселесін өзі шешуге құқылы.

Мақала жинағы мен  тарату шығындары үшін  3000 тенге көлемінде жарна төленеді. Төлемақыны арнайы есеп шотқа аудару керек:  KZ446015933100106870 «Ұлт руханиятының қайнар көздері: тіл мен әдебиет, білім мен тәрбие» республикалық-тәжірибелік конференциясына белгісі мен қатысушының аты жөні толық жазылады. Төлем туралы түбіртекті жоғарыда көрсетілген электронды мекенжайға жіберу керек.

Жарияланымға қатысты сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: 87470611827 (филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қамзаева Гүлшат Салыққызы), 87773365758 (филология ғылымдарының кандидаты, доцент Баялиева Гүлмира Жарылқасынқызы).

Қатысушы жолақысы, тамақтануы,  тұратын жері үшін төлемді  өзі қаржыландырады. Тұратын жер керек болған жағдайда 8 қаңтардан қалдырмай хабарландыруыңызды сұраймыз.

 

Өтініш үлгісі

 

Қатысушының аты-жөні

Ғылыми дәрежесі, атағы

Жұмыс орны

Қызметі

Мекен-жайы

Телефоны (жұмыс, ұялы, факс, e-mail)

Баяндама тақырыбы

Секциясы

Қатысым түрі (тікелей, сырттай)

Техникалық құралдар қажеттілігі (иә, жоқ)

Түбіртек №

 

 

(Жалпы 129 рет, ал бүгін 1 рет қаралды)

Пікір жазу

Әлеуметтік желідегі профиль арқылы: 
Жаңа өнімдер
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
Терминология-лық анықтамалық
Терминдер мен ұғымдар
Мекемтас Мырзахметұлы
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
'; IR[1] = '
ҚАЗАҚСТАН – 2050
Терминология-лық анықтамалық
'; IR[2] = '
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Терминдер мен ұғымдар
'; IR[3] = '
АБАЙТАНУ
Мекемтас Мырзахметұлы
'; objIR = document.getElementById('IRHolder'); objIR.style.height = (IR_numberOfElm * IR_heightOfElm) + 'px'; IRContent(); }
Күнтізбе
Тамыз (2026)
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
« Шлд    
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31  
Профиль
Соңғы пікірлер