Терминком бүгінгі ақпараттар тасқыны заманында өз жұмысын жаңаша технологияларды пайдалану арқылы тиімді ұйымдастырғаны жөн.
Осыны ескеріп, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық –саяси жұмыс комитеті басшыларының бастама көтеріп, жігерлілік танытуының арқасында Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының жанынан Терминком жұмысын жүйелендіріп отыратын терминология бөлімі тұрақты түрде жұмыс істей бастады. Олар: екі секторға бөлінеді. Бірі- гуманитарлық ғылымдарға қатысты терминдерді жүйелеумен айналысса, бірі – нақты ғылымдар терминдерін сараптаумен айналысатын болады.
Кеше 2015 жылы 1 сәуір күні Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық –саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Серік Сәлемовтың қатысуымен осы мәселені пысықтау жөнінде жиын өтті. Жиналғандар 12 қызметкерден тұратын бөлім жұмысын тиімді ұйымдастыру және еліміздегі терминология мәселесімен айналысатын басқа құрылымдармен үйлесімді жұмыс істеу тетігін талқылады. Жиынға: Кеңес Юсупов, Мәди Айымбетов, Жайнагүл Сәбитқызы, Қонысбай Әбіл, Бижомарт Қапалбек, Жанар Асановалар қатысып, бөлім жұмысын жетілдіру бойынша өз ойларын ортаға салды.









Пікір жазу
Пікір орналастыру үшін кіруіңіз жөн.