Соңғы жазбалар
  • Түркияда Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы өтуде
  • Қостанай қаласында семинар-тренинг өтті
  • Журналистер марапатқа ие болды
  • «Тіл мерейі» байқауы семинар түрінде өтеді
  • Үш тұғырлы тіл туралы
«Фольклор кейіпкерлерінің бейнесін біріздендіру» байқауы
Бейнехабар
Үздік оқытушы

Ай мұрағаты: Шілде 2014

« Алдыңғы 1 2

Дүмпілдек

Дүмпілдек – балалардың ойыны, 7-8 жасынан тартып 20 жасқа келгенше ойнайды. Еркекбалалар мен қыздар араласып ойнай береді. Көбінше түн ішінде ай жарықта ойналады.Жылдың төрт мезгілінің қайсы кезінде болса да ойнала береді. Артықша жазды күні болады. Күн жылы болса, қораның шетінде балалар жиылады да, -а- деп дүмпілдек ойнағанға кіріседі. Ойынның тәртібі мынадай болады: ойнағандар көп болса 14, аз болса 4 адам болуға тиіс. Онан көбі көп болып кетеді, азы аздық қылады. Екі жақ болып бөлініп, екі жағы да өздеріне басшы сайлайды, бір тарабы жерге шапандарын, тондарын дегендей шәмкеніп тізіліп үймектеп жатады.… Толығырақ

Бұғы

Петербордан жоғары Архангельский деген губерне бар. Соның көп жері сазды болып, шөп шықпайды, мүк шығады. Онда самоиед деген жұрттың күн көретіні бұғының бір түрлі тұқымы. Ол бұғының мүйізі тармақ-тармақ, жалпақ болады. Үлкендігі тайдай, жүні қара бурыл, жасаған сайын ағара-ағара, ақырында ақ боз болып кетеді. Еркегі жыл сайын мүйізін тастайды. Ұрғашысының да мүйізі болады, бірақ еркегінікінен кішірек. Баласын отыз жұмадай көтеріп, май айының ортасында табады. Оттайтұғыны манағы мүк. Бүғының қол тумасы да болады. Ондағы жұрт сүтін ішіп, етін жеп, терісін киіп және терісінен үйлерін… Толығырақ

Байлық

Бір жарлы жігіт жас күнінде оқыған ұстазымен жолығып, өзінің бұл күнде кедей болғандығын шақты. Онымен бірге оқыған серіктерінің көбі бай болып, кейбіреулері жұртқа қадірлі кісі болып кеткенде, өзінің әрқашан көрген күні жоқшылық екенін сөйледі. «Қалайша сен өзің айтқандай кедейсің?» – деді ұстазы. «Сенің денің сау, қол-аяғың аман, жұмысқа жарарлықсың» және шәкіртінің қолын көрсетіп сұрады: «Сен мына қолыңды мың сомға кестіруге рұқсат етер ме едің?».

«Құдай сақтасын! Он мың сомға да кестірмеспін» деді жігіт. «Қаншаға берер едің жарық дүниені көретұғын қырағы көздеріңді, сақ құлақтарыңды, мықты… Толығырақ

Атадан қалған тұяқ

 

Ол жарық дүниеге келгелі туған әкесін тұңғыш рет кинодан көрді. Бұл оның әлі ақыл тоқтатпаған, бестен алтыға аяқ басқан шағы еді. Оқиға қыстақ тыңту сыртында алыстан ағарып көрініп тұратын кашарда жүн қырқу маусымы басталған күні болды. Көлбеп жатқан кен жотаның етегінен басталатын наруан жол бойындағы үлкен кашар қамыспен жабылған, төбесін кейін шиферлағаны болмаса, қазірде де баяғы қаз қалпында. Бұл жаққа қурай «атына» мініп, жолдың екі бетін шаңғыта жортып, шешесіне еріп келетін оның әр сапары ойын – қуанышқа толы. Шешесі Жаһанкүл совхоздың почта бөлімінде телефонистка боп істейді. Жыл сайын жаз шығысымен жүн қырқуға араласатын. Ертеден қара кешке дейін «алло – аллодан» жағы тынбай ақпар, бұйрықтар, асығыс хабарлар, қала берді ағайын арасындағы есен – саулық, сым арқылы туып жататын ұрыс – керіс, айқай – шулардың тоқсан түрлі қияпаттарын көз ілестірмей жалғастырып, түйістіріп, табыстырып жүруге әбден төселіп алған. Толығырақ

Алабұға аулаған күн

 

Шіліңгір шілденің бесінге таяған күні жер-әлемді қуырардай шыжып тұр; аспан әлемі қылаусыз ашық; әлгінде толқын-толқын ақша бұлттар құдды жарысқа түскендей бірінің соңынан бірі ұбап-шұбап көрінді де, іп-ілезде әлдеқайда-а; алысқа-а…асығыс аттанғандай ізім-қайым жоғалған! Онысы, таңертең күлімдеп көрінген, одан соң зеңгір көкке шығандап шығып алып, тәкаппарлана нұр-сәулесін шашқан, шақырайған күнге орын бергендері ме екен… Бірақ, бірақ… мынау дөңгеленген дүн-дүниеге, жан-жануар, өсімдік-орман, тіпті тау-тастарға да жаймашуақ жаздың шуағы керек-ау! Онсыз, бірі ызғар, бірі салқын, бірі шекеңді шыжғыратын ыстық аптабы алмасып келіп жататын жыл мезгілдерінің мән-мағынасы, қызық-шыжығы болған ба?!. Алла тағала жаратқан он… Толығырақ

Апасының баласы

Ұзақ жылдар бойы араласып, біте қайнасып, туыстай болып кеткен құрбысы Айымкүлдің ауылдағы тетелес сіңлісінің атына Сәлима сырттай қанық. Әуелі оның ерекше есімі елең еткізген – Арайлы екен. Айымкүлдің әңгімелерін тыңдай жүріп, Арайлының аты аталғанда көз алдына жан дүниесі тап-таза, жүрегі шуаққа толы көрікті қызды елестететін болды. Таяуда құрбысының ұлы үйленгенде сыртынан атына қанық болған сол  Арайлы сонау Қызылордадан келіп, көп қолғабыс жасады. Арайлы десе дегендей екен – неше күн қарбаласта оның қабақ шытып, ренжігенін, әлдекімге дауыс көтергенін немесе қызметін міндетсініп, бұлданғанын көрмеді. Келген кісілерді биязы күлімсіреп күтіп алып, қошеметтеп шығарып салып жүргені. Әр ісіне мұқият, тындырымды, қай шаруаны болмасын ұршықтай үйіретін Арайлыға сүйсінбеген адам кемде-кем. «Мынадай жанашыр сіңлісі бар Айымкүл не деген бақытты»  деп бұл да құрбысына қызыққан. Толығырақ

« Алдыңғы 1 2
Жаңа өнімдер
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
Терминдер мен ұғымдар
Мекемтас Мырзахметұлы
Терминология-лық анықтамалық
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
'; IR[1] = '
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Терминдер мен ұғымдар
'; IR[2] = '
АБАЙТАНУ
Мекемтас Мырзахметұлы
'; IR[3] = '
ҚАЗАҚСТАН – 2050
Терминология-лық анықтамалық
'; objIR = document.getElementById('IRHolder'); objIR.style.height = (IR_numberOfElm * IR_heightOfElm) + 'px'; IRContent(); }
Күнтізбе
Шілде (2014)
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
« Мау   Қар »
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31  
Профиль
Соңғы пікірлер