Қазақ халқы: «балалы үй – базар, баласыз үй – мазар»,- деп ұрпағының балалы- шағалы болуын тіледі. Тіпті жаңадан қосылған жастарға бата берген қария батасының ішіне «қызы болсын моншақты, ұлы болсын он шақты»,- деген тілек сөздерді де кірістіретін болған. Осы бір қасиетті сөз жандарына медет болып, саналарына сіңген жастар балалы-шағалы болып, ұрпақ ізін жалғастыруды армандады. Толығырақ
Баласы тоқтамаған адамдар, баламның өмір-жасы ұзақ болсын деген мақсатпен: Өмірұзак, Ұзақбай, Тоқтасын деп ат қояды. Баласы оған да тоқтамаса, туыстық қарым-қатынасы жоқ, кісілігі жоғары, балалы-шағалы бір адаммен сөз байласады. Олар жөргек жасап апарып, бала шыр етіп жерге тускенде кінділігін кесіп, жөргекке орап әкетеді де, азан шақырып ат қойып, үстіне қариялардың ескі-құсқыларынан киім тігіп кидіреді.
Бірнеше күн өткен соң, нәрестенің өз ата-анасы барып сатып алады . Бұл салттың да тәрбиелік мәні зор.
Мен өмір бойы орыстардың арасында болдым. Мектепті түгелдей орыс тілінде оқыдым. Жоғары оқу орынында да бір де бір қазақты көрген емеспін. Қызмет барысында да түгелдей орыс тілін қолдандым. Былайша айтқанда мен, қазақ тілімен ешуақытта бетпе бет келген емеспін. Жасырмаймын жастау кезімде қазақ тілін толық білмегенім рас. Бірақ мен ешуақытта өз ана тілімнен бас тартып көрген емеспін. Бүгінде мен текқана өз ана тілімде сөйлеймін. Мен ана тілімді жақсы көремін, оны құрметтеймін. Мен өзіміздің мемлекеттік тіліміз қазақ тілін құрметтеу арқылы отанымды сүйемін. Осы бір ой-тұжырым, менің кеудемде жүрегіммен бірге ғарышта… Толығырақ
Өзге тілден аударылған жарнамалардың жайсыз мағанасы жанға батып барады. Көшеде тұрған кейбір жазуларға қарасаң көзің түгілі өзің сүрініп кетесің. Тіпті кейде жайсыз аударылған жарнаманы оқысақ та, түсіне алмай дал болатын кездеріміз де жиі болады. Сонда жарнама жасаушылар қазақ тілін мазақ тілі еткені ме? Толығырақ
«Баланы-сылау, қарды-қылау өсіреді» деп, бала өздерінен талпынып жургенге дейін ауық-ауық қойдың құйрық майымен сылап, қол-аяғын керіп-созып : «өс, өс, өс!» деп ақырын-ақырын созғылап отырады. Толығырақ
Мемлекеттік тілді оқып-үйрену, меңгеру – Қазақстан азаматтарының парызы. мен міндеті саналып, бәсекеге қабілеттілігі және қоғамдық өмірге араласуының белсенділігін айқындайтын ынталандырушы тетік болуға тиіс. Үкіметтің «Үштұғырлы тіл»,- саясатын іске асыру, басқа да ұлт тілдерінің дамуына ықпал ету қазақ халқын біріктіруші фактор болып табылады. Толығырақ
Қазақтың мықты генін сақтаған ұлт зиялыларының түбіне жеткен жендеттің аты Астанадан өшірілді. Ендігі кезек – Алматыда. Толығырақ
Үстіміздегі айдың 10 күні Астанада ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен «Тіл – татулық тірегі» атты республикалық кеңес өтті. Жиынға Парламент депутаттары мен осы салаға жауапты мамандар ғалымдар және тіл орталықтарының өкілдері қатысты. Толығырақ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Сіздерді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Әмір Рақыш Сәтұлының 85 жасқа толу мерейтойына орай өткізілетін «Қазақ тілі коммуникативтік мәдени жүйеде: теориясы мен практикасы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияға шақырамыз. Толығырақ
Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті «Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығында» республикаға белгілі филолог-ғалымдардың қатысуымен ғылыми-әдістемелік кеңес өткізді. Отырыста оқыту орталықтары қолданып жүрген оқу- әдістемелік кешендер мен құралдар зерделеніп, сараланды. Толығырақ