Соңғы жазбалар
  • Түркияда Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы өтуде
  • Қостанай қаласында семинар-тренинг өтті
  • Журналистер марапатқа ие болды
  • «Тіл мерейі» байқауы семинар түрінде өтеді
  • Үш тұғырлы тіл туралы
«Фольклор кейіпкерлерінің бейнесін біріздендіру» байқауы
Бейнехабар
Үздік оқытушы

Байқау жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті үстіміздегі жылғы
23 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдерінің республикалық фестивалі аясында Қазақстанның этнос жастары өкілдері арасында дәстүрлі «Абай оқулары» республикалық байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты – қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттыру әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту.

         «Абай оқулары» байқауына еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан облыстық, қалалық деңгейде өткізілген байқаулардың жеңімпаздары (барлығы 16 үміткер) қатысады. Байқау ережесіне сәйкес үміткерлер Абай шығармаларын (білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын немесе қара сөзін) жатқа оқу, «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзіндіні көркемсөз оқу талаптарына сай шеберлікпен орындау, Абай әндерін немесе халық әндерін шырқау бойынша сайысқа түседі.

         Байқау қатысушыларының жұмысы мен жеңімпаздарын Абайтанушы ғалымдар мен тіл жанашырларынан құралған қазылар алқасы бағалайды және анықтайды. Байқау жеңімпаздары дипломдармен, алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Өтетін күні мен уақыты: 2015 жылғы 23 қыркүйек, сағ: 10.00

Өтетін орны: Семей қаласы, Абай алаңы, Абай атындағы мемлекеттік музыкалы-драма театры.

Қосымша ақпарат алу үшін мына мекенжайға хабарласуға болады: Астана қ., Сауран көшесі, 7 А. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті және Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы.

Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-09-85, 8-702-478-97-03; 40-83-93,
8-701-915-67-76, 8-775-759-87-18.

(Жалпы 142 рет, ал бүгін 1 рет қаралды)

Пікір жазу

Әлеуметтік желідегі профиль арқылы: 
Жаңа өнімдер
Мекемтас Мырзахметұлы
Терминология-лық анықтамалық
Терминдер мен ұғымдар
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
АБАЙТАНУ
Мекемтас Мырзахметұлы
'; IR[1] = '
ҚАЗАҚСТАН – 2050
Терминология-лық анықтамалық
'; IR[2] = '
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Терминдер мен ұғымдар
'; IR[3] = '
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
'; objIR = document.getElementById('IRHolder'); objIR.style.height = (IR_numberOfElm * IR_heightOfElm) + 'px'; IRContent(); }
Күнтізбе
Шілде (2026)
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
« Мау    
  1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Профиль
Соңғы пікірлер