Соңғы жазбалар
  • Петропавл қаласында «Тіл – татулық тірегі» этнос жастарының республикалық форумы өтеді
  • Көптілділік – уақыт талабы, ел болашағы
  • Үштұғырлы тіл саясаты: келешек ұрпақ ұпайынан ұтылмасын десек
  • Үштұғырлы тіл: Қазақстанда тілдерді оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері хақында
  • Елімізде үш тілде білім беру жүйесі кезең-кезеңімен жүргізіледі
«Фольклор кейіпкерлерінің бейнесін біріздендіру» байқауы
Бейнехабар
Үздік оқытушы

Текті сөздің төресі – терме

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағытындағы «Тіл мәдениетін жетілдіру» тармағын, сондай-ақ 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы 1448 қаулысының 44-тармағын орындау мақсатында ақиық ақын, айтыс өнерінің алтын діңгегі болған Сүйінбай Аронұлының 200 жылдық мерейтойына орайластырыла «Текті сөздің төресі – терме» атты республикалық жыршы-термешілер байқауы өткізіледі.

Аталған байқауға еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан облыстық, қалалық деңгейде өткізілген байқаулардың жеңімпаздары (барлығы 16 үміткер) қатысады.

Ұлттық тәрбие мен халықтық өнерді насихаттауға бағытталған бұл байқаудың басты мақсаты жыршылық-термешілік өнерге жаңаша серпін беру арқылы әдеби тілді дамытуға үлес қосу.

Дәстүрлі ұлттық өнердің танымал тұлғаларынан,  ғалымдарынан құралған қазылар алқасы үміткерлердің орындаушылық шеберлігін бағалап, жеңімпаздарды анықтайды. Байқау жеңімпаздары дипломдармен, алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Байқауда танымал жыршы-термешілер, дәстүрлі әншілер, эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Шараға  Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты қызметкерлері, өнертанушылар, жыршы-термешілер, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және ел азаматтары қатысады.

Өткізілетін орны:          Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы

Өткізілетін уақыты:     22.10.2015 ж., сағ: 14.00

(13:30-да пресс-конференция өтеді)

Ұйымдастыру комитеті

Байланыс телефондары: 8 (7172) 40 83 93, 87757598718, 87018975047

(Жалпы 131 рет, ал бүгін 1 рет қаралды)

Пікір жазу

Әлеуметтік желідегі профиль арқылы: 
Жаңа өнімдер
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
Мекемтас Мырзахметұлы
Терминдер мен ұғымдар
Терминология-лық анықтамалық
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
(нормативтік-құқықтық актілер жинағы)
'; IR[1] = '
АБАЙТАНУ
Мекемтас Мырзахметұлы
'; IR[2] = '
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Терминдер мен ұғымдар
'; IR[3] = '
ҚАЗАҚСТАН – 2050
Терминология-лық анықтамалық
'; objIR = document.getElementById('IRHolder'); objIR.style.height = (IR_numberOfElm * IR_heightOfElm) + 'px'; IRContent(); }
Күнтізбе
Мамыр (2026)
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
« Нау    
  1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31  
Профиль