ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен Әлеуметтік және қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері мен пәнаралық зерттеулері нысаны бойынша 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру негізінде орындалатын
Сабақтың тақырыбы: Достық – татулық тірегі (А2 деңгейі)
Сабақтың мақсаты: еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып келе жатқан ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздің саяси тұрақтылығын қамтамасыз етудегі алатын орнын көрсету. Оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым әдістері арқылы сөйлеу және жазу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойландыру, тыңдау, оқу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекі құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, бейнекөрініс, слайд, үлестірмелі қағаздар, сөздіктер
Сабақтың жоспары:
Мақалада тілді шет тілі ретінде оқытудың әдістемелік негіздері қарастырылады. Автор оқытудың мазмұны мен ғылыми-теориялық зерттеулерге негізделген әдіс-тәсілдері тіл үйретудің негізгі ұстанымдарын айғақтайтынын айтып, қазақ тілі шет тілі ретінде оқытудың негізгі ұстанымдары мен ерекшеліктерін сипаттайды. Оқытудың негізгі мақсаты тіл меңгерушінің коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру болғандықтан, бұған қол жеткізу үшін лингвистикалық, әлеуметтік-лингвистикалық, әлеуметтік-мәдени, дискурстық құзіретттері тыс қалмайтыны айтылады. Толығырақ
«Ел қазынасы – ескі сөз» деген нақылды ата-бабамыз тегін айтпаса керек. Алтын көмбе – халық ауыз әдебиетімен сусындамай өскен алдыңғы толқын ағалар жоқ десек қателеспейміз. Кейінгі толқын інілер легі көркем әдебиетті рухани азық еткенімен, еліміздің ертеңі деп отырған жастардың кітаптан гөрі компьютерді дос санайтынын мойындауға тиіспіз. Ал, бүгінгі бүлдіршіндердің ойнайтын ойыншықтарының Шрек, Naruto, Халк, Монстр Хай, Кун Фу Панда, Скуби-ду, Смешарики болуы, қарайтын мультфильмдерінің «Бэн-10», «Құбыжықтар мектебі», «Маша мен аю», «Фиксики», «Сам-сам» т.б. болып келуі көкірек көзі ашық азаматтың кез келгенін қынжылтары анық. Өйткені өзге халықтың фольклорлық қаһармандарын көрсету арқылы біз сәби санасын қазақылықтан алшақтатып жатырмыз. Толығырақ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағытындағы «Тіл мәдениетін жетілдіру» тармағын, сондай-ақ 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы 1448 қаулысының 44-тармағын орындау мақсатында ақиық ақын, айтыс өнерінің алтын діңгегі болған Сүйінбай Аронұлының 200 жылдық мерейтойына орайластырыла «Текті сөздің төресі – терме» атты республикалық жыршы-термешілер байқауы өткізіледі. Толығырақ