Сабақтың тақырыбы: Ас –адамның арқауы (В1деңгейі)
Сабақтың мақсаты: тыңдаушыларға ұлттық тағамдар және сусындар, оның денсаулыққа пайдасы жөнінде түсіндіре отырып, дұрыс тамақтану туралы мәлімет беру. Қыстырма сөздердің, мақал-мәтелдер мен тыйым сөздердің қолданылуын түсіндіру. Тыңдаушылардың сөздік қорларын толықтыру, тыңдау, жазу, оқу, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ой тастау, мәнерлеп оқу, тыңдап түсіну.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекі құрал-жабдықтар: бейнекөрініс, слайд, үлестірмелі парақшалар, суреттер, сөздіктер, тағамдар.
Сабақтың жоспары: I. Ұйымдастыру кезеңі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті 2015 жылдың 14-15 қазан күндері Жамбыл облысы Тілдерді дамыту басқармасының Мемлекеттік тілді оқыту орталығында «Оқыту бағдарламалары мен мазмұны, оқыту технологиясын жетілдіру» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Семинар-тренингтің мақсаты – мемлекеттік тілді ересек адамдарға үйрететін оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіру, онлайн әдісімен озық тәжірибелерді алмасу және мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының оқытушыларын ынталандыру болып табылады.
Семинар-тренингке әдіскер ғалымдар, тіл мамандары, тіл үйренушілер, Астана, Алматы қалалары және облыс орталықтарындағы мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының басшылары мен оқытушы әдіскерлері қатысты.
Шара… Толығырақ
Еліміз тәуелсіздігін алған уақыттан бері халық ауыз әдебиетін, оның ішінде фольклорлық проза жанрларын зерттеу мәселесі жан-жақты қолға алынып, бұл үрдіс одан әрі өркендей түсті. Белгілі фольклортанушы ғалым С.А.Қасқабасов салып кеткен сара жолмен қазақтың халық прозасы одан әрі толымды түрде зерттеліп, біршама зерттеу еңбектері жарық көрді. Олар – миф, ертегі, аңыз, әңгіме, хикая жанрларына байланысты еңбектер. Толығырақ
Қазақтың ұлттық болмысы, тілі, мәдениеті, тарихы атадан-балаға мирас болып келе жатқан аңыз-әңгімелерінде, батырлық жырларында, ертегілері мен шешендік сөздерінде, жұмбақтары мен жаңылтпаштарында сақталған. Қазақ халқының рухани мол қазынасын, том-том болып жарық көрген қазақ фольклорының інжу-маржандарын ондағы басты қаһармандардың бейнесі арқылы танытып, жаһандану дәуірінде жас ұрпақтың санасына ұлттық рух, ұлттық идеяны сіңіру қажет. Біздің халық бойына ұлттық құндылықтарды молынан жинақтаған ауыз әдебиеті мұрасын бүгінге дейін сақтап келді. Сол мұраны бүгінгі жас ұрпақтың санасына жеткізу үшін, рухани мұра мен ұлттық құндылықтарымызды ұлттық болмыстағы фольклор кейіпкерлері арқылы көбірек насихаттауға, рухани қажеттілікке айналдыруға болады. Толығырақ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы Ш.Шортанбаев
Бұл зерттеуде көне мифологиялық кейіпкерлер жайында талдаулар жасалып,олардың мәтіндегі бейнесі жан-жақты қарастырылған. Мифологиялық кейіпкерлердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, олардың бейнесін толыққанды етіп салу үшін қыруар еңбек тындырған. Албастының адамға қаскөйлігіне негіз болатын мәтіндер дұрыс іріктеліп алынған. Қазақ фольклорындағы диюлар, дәулер мен алыптардың пайда болуы мен эволюциялық өзгерісі жан-жақты түсіндірілген. Мәселен, диюға тән сиқырлы күш, алыптардың дене бітіміндегі өзгешелік, дәулердің жалғыз көзді, кейде екі басты болып суреттелуінің себептерін дәлелдеп, ғылыми тұрғыда сипаттап беруге, жан-жақты ашып көрсетуге талпынған. Толығырақ