Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы 2015 жылғы 22-23 қазанда Қарағанды қаласында «Тіл – тұнық ойдың кәусары» республикалық олимпиадасын өткізді. Толығырақ
Мемлекеттік тіл – ел ішіндегі татулық пен бейбітшіліктің айнымас кепілі. Дәл осы үндеу аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті тапсырысымен Мемлекеттік тілдерді дамыту институты 2015 жылдың 22 қазанында ШҚО, Өскемен қаласында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты мемлекеттік тілді насихаттау шараларын өткізді. Толығырақ
Ұлттың ұлылығын ұлықтайтын қасиетті жыр өнері қашанда биікте тұрары анық. Көкейіңе көрік сыйлайтын жыр-дастан, терме Алматыға ат басын бұрып, жүрегінен жыр төккен, дауысымен нұр сепкен термешілерді анықтады. Бас жүлде бас қалаға тиесілі болды. Толығырақ