2026 жылы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Кіші залында Мемлекеттік тілді дамыту институтының ұйымдастыруымен «Қазақ тілін пән ретінде оқытудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті. Толығырақ
Қызылорда облыстық білім басқармасы жанындағы Қызылорда облыстық оқу орталығы №10 дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатымен бірлесіп, үстіміздегі жылдың 26 ақпанында «Көптілділік – әлемдік білім беру қауымдастығына кірігудің негізгі шарты» тақырыбындағы облыстық семинар өткізді. Толығырақ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлытау төріндегі ұлт туралы толғанысында: «Үш тілді – мемлекеттік тіл, орыс тілі және ағылшын тілін меңгергеніміз өте дұрыс… Біз осылай үш тұғырлы тілді қолдансақ, түбінде жолымыз ашық болады», – деп баса айтқан болатын. Елімізді бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын мемлекет ретінде тануы үшін де үштұғырлы тілдің маңызы орасан зор. Толығырақ
заман, кесірлерге «кел» заман. Толығырақ
«Қазақ тілін пән ретінде оқытудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел. Өтетін орны және мерзімі: Алматы қаласы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Абай даңғылы 14, Кіші зал, 26 ақпан сағат: 15-00 Толығырақ
Ақтөбеде қытайлық «СНПС-Ақтөбелік транспорттық компания» мен «Шығыс мұнай және сервистік қызмет» компанияларының бірнеше есептік кездесулері өтті. Сапарбаевтың сынынан кейін екі ұйым да қазақ-қытай тілін меңгерген аудармашылар жалдаған деп хабарлайды NUR.KZ порталы NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.
Айта кетерлігі, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев үш аудармашы бойжеткеннің қазақ екеніне назар аударып, «қазақ қыздары қытай тілін меңгерген болса, қытайлықтар да қазақ тілін білуі тиіс», – деп әзілдеп үлгерді.
«Бұны өзара сыйластық деп атауға болады», — деді облыс әкімі.
Аудармашылардың бірі Қытай тумасы екен. Ол тек қазақ және қытай тілдерін білетіндіктен, қасындағы әріптесі орыс тілінен… Толығырақ
Елімізде «мемлекеттік қызмет» дейтін қызмет саласы бар. Қазіргі таңда бұл салаға көптеген реформалар жасалып, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға да өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Жаңашылдықтар пайда болды. Бірақ, бірақ… мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік тілдің жағдайы әлі де алаңдатарлық күйде қалып келеді. Себебі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілін білуіне байланысты ешқандай талап жоқ және мұндай талаптың қашан енгізілетіні де белгісіз?! Мәселен, аталған Заңның 10-бабында, яғни «Мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеттері» деген бапта мемлекеттік тілді білуі тиіс деген талап қойылмаған. Мұндай талап не «Біліктілік талаптары» (17-бап) деген бапта да жоқ. Біз алдағы… Толығырақ
Бүгінгі ақпарат ғасырында ақпараттық кеңістігіңді өзгенің қолына беріп қою, ақпаратты өзге тілде тарату – екі тізгін бір шылбырды басқаның қолына ұстату деген сөз. Ақпараттық кеңістігіңе кім ие болса, кімнің айтқаны жалпақ жұрттың санасына сіңіп жатса, қоғамдық сананы да сол қалыптастырып, соның көздегені болады. Өз үйінің билігін өзгеге беріп қойып, аузы аңқиып отыратын жаман үйдің босбелбеу қожайынының күйін кешкіміз келмесе, елімізде қазақтілді ақпараттық кеңістікті қалыптастыруға міндеттіміз. Бүкіл ел аумағына жұмыс істейтін телеарналардың негізгі басым бөлігі қазақ тілінде ақпар тарататын күнге жетпейінше, ұлттық санасы мықты, тілі мен тілегі бір халық болу мақсатына да жете алмаймыз. Ұлттық-мәдени кеңістігімізді қалыптастыру да осы БАҚ-қа ие болуымызға тікелей байланысты. Екіншіден, ақпар деген – өнім. Ғылыми ақпарды да, бұқаралық ақпар мен техникалық ақпарды да сол салалардың мамандары өндіреді. Толығырақ
Қазақ тілінің Қазақстанда мемлекеттік тіл екендігін ірілі-ұсақты шенеуніктер мен әкім-қаралар тегіс біледі. Неге екені белгісіз, көбі осы жайттың басын ашып, анықтап айта алмайды. Бердібек Мәшбекұлы сияқты: «Қазақстанда мемлекеттік тіл қандай тіл?», – деген сұрақ қойып, ол сұрағына қатысты естіген жауабын түзетуге тәуекелдері де жете бермейді. Бұ не сонда? Қазақ тілінің мәртебесі туралы, басқа-басқа, Атазаңымызда тайға таңба басқандай етіп жазылған емес пе? Соны біле тұра, білгісі келмейтіндер орыс тілін де мемлекеттік тіл деп көкуге бар. Ақтөбе облысының әкімімен сұхбттасып отырған әйелді тыңдап көріңіз. Ол еш ойланбастан әм өзіне бек сенімді түрде:… Толығырақ
Ағылшынның Джонатан Ньювелл есімді журналисі бар. Өткен жылы көктемде Астанаға сапары кезінде сол кісінің елорда әуежайы басшылығын дүр сілкіндіргені есте. Әуежай есігіндегі үш тілде берілген «Өзіңнен. От себя. Push off» сөзінің ағылшынша нұсқасынан қате тауып, оның суретін әлеуметтік желідегі жеке парағына жариялап жібергені сол еді, басшысы бар, қосшысы бар, біздегілер «Жаздық, жаңылдық. Кінә бізден» деп, құлдық ұрдық. Табан астында қатені түзетіп, соңы БАҚ арқылы кешірім сұраумен тынды. Толығырақ