Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясына бекітуге ұсынылатын материалдарды (терминдерді, сөз тіркестерін) ресімдеу кестесі Толығырақ
Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Терминология Комиссиясы терминдерді біріздендіру үшін жыл сайын төрт отырыс өткізеді. Әр отырыста комиссия 200-1000 (орта есеппен 600) термин сөзді талқылап, бекітеді. Сонда жылына төрт отырыста шамамен 2400 термин сөз бекітіледі екен. Толығырақ
Еліміз тәуелсіздік алғанымен, тіліміз толық тәуелсіздік алған жоқ, әлі күнге орыс тіліне «тәуелді» аударма тіл болып тұр. Қазақ тіліне орыс тілінен құрылымдық интервенция күшейіп барады.
Орысшаға байланып қалған аударма – қазақ тілін бұзып жатыр. Толығырақ
Бұрынғы қазақ қоғамында уақытты жұлдыздар бойынша есептеудің жүйесі болған. Әлі күнге дейін бұл уақыт есебі тоғыс есебі деп аталады. Әлемнің басқа елдерінде кездеспейтін бұл жүйеде уақыт Ай мен Үркер жұлдыз шоғырының әрбір 28 күнде бір «тоғысып» отыруы бойынша анықталады.
Көне дәуірлерден келе жатқан тоғыс жүйесінде есепшілердің Үркер жұлдыз шоғырын таңдап алуының себебі болуға тиіс. Толығырақ
Бүгінгі күні қазақ тілінің қоғамда алатын орны, оның мәртебесін арттыру және қолданыс аясын кеңейту мәселесіне келгенде тағы бір ерекше назар аударатын жайт – қазақ тілінің көрнекі ақпарат пен жарнама тілі ретінде қолданылуы. Жасыратыны жоқ, бұл салада қазақ тілі – қосалқы тіл, аударма тіл. Қазіргі таңда ақпарат құралдарының қай-қайсысында болмасын қазақ тілінде берілетін жарнаманың 99 %-ы өзге тілден, оның ішінде орыс тілінен тәржімаланатын аударма мәтін екендігі шындық.
Зұфар Сейітжанов, филология ғылымдарының докторы, профессор
Ақын, жыршылар батыр бейнеленетін (кейде жауларында) кескіндеп суреттегенде оларды белгілі бір қалыпқа келтіреді. Көбіне батырларды бір тұрғыдан суреттейді. Сөйтіп батырлардың даралық қасиеттерінен гөрі көркемдік жинақтау арқылы жасалатын жалпылау сипаты басым болады. Батыр бейнесін «типтік» сипатқа келтіру үшін әр түрлі әдіс-тәсілмен көркемдеу құралдары пайдаланылады. Соның бірі – теңеу. Басқаша айтқанда, эпикалық образ жасауда теңеу ерекше мәнге ие. Алайда, көркемдеу құралдар жайдан жай туа салмайды, халық өмірімен тығыз байланыста болады. Белгілі бір дәуірдің түсінігі мен эстетикалық талап-талғамына сай жасалады. «Айтушы мен тыңдаушылар баяндалып отырған оқиғалар мен батырлардың іс-әрекетін ашық және тура бағалайтындығына сай көркемдеп бейнелеу құралдары пайда болады. Сөйтіп қай батырды болмасын, қай сұлу қызды болмасын «универсалды» эпитеттер, теңеулер, формулалық сипаттаулар пайда болады»[1]. Толығырақ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып, 2015 жылғы 15 маусым күні Астана қаласы «Жұмбақтас» қонақ үйінде «Медициналық терминдерді біріздендірудің нормативтік-лингвистикалық негіздері» атты республикалық дөңгелек үстел өткізді. Толығырақ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып, 2015 жылғы 12 маусымда «Медициналық терминдерді біріздендірудің нормативтік-лингвистикалық негіздері» атты республикалық дөңгелек үстел өткізеді. Толығырақ
ҚХР Шэньси провинциясында тұратын ірі кәсіпкер Чжан Фанның үйіндегі жеке кітапханасынан қазақ халқының белгілі ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің таңдамалы шығармалары бар кітап табылды. Толығырақ